Швейцария экономиканың өсу болжамын арттырды

Швейцария экономиканың өсу болжамын арттырды

Швейцария үкіметі 2016 жылға экономикалық өсім болжамын аздап арттырды. Өйткені Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы сияқты тосын факторлар ел экономикасының өсуіне кедергі бола алмады. Мемлекеттік хатшылықтың экономикалық байланыстар жөніндегі сарапшыларының айтуынша, Швейцария экономикасының өсуі 1,5% құрайды – бұл шілдеде айтылған 1,4% деген болжамға қарағанда сәл жоғары. 2017 жылы экономикалық өсім 1,8% деңгейінде болады деп болжанады. Яғни маусымдағы болжамнан өзгешелігі жоқ. Швейцария экономикасы соңғы 10 жылда орта есеппен 1,9% өсіп отырды.