Ресей балыққа салынып отырған экспорттық салықты алып тастады

Ресей балыққа салынып отырған экспорттық салықты алып тастады

Ресей кейбір балықтың экспорттық салығын алып тастады. Себебі, ДСҰ-ымы сондай талап қойған еді. Ақпаратты Ресейбалық ұйымы таратты. Осыған орай, балық саудасы 16 жылда болып көрмеген көрсеткішке жетуі мүмкін. 2012 жылдан бері қарай, мемлекет мұздатылған балықтың салығын 5-тен 0, су шаяндарының салығын 10-нан 0-ге, дайын немесе қаптамадағы су шаяндарының салығын 5-тен 0-ге төмендетіп жіберді. 2016 жылдың қаңтар-шілде айларының аралығында барлығы шетелге 980,2 мың тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,1 пайызға кем. Экспорттың 87,2 пайызы мұздатылған балық, 7,1 пайызы балық еті мен филе, 4,6 пайызы су шаяндары мен моллюск және өзге де омыртқасыздарға, 0,8 пайызы дайын немесе қаптамадағы балық өнімдеріне тиесілі болды. 

 

 

 

Сурет: agroinfo.com