Royal Bank of Scotland шығынға тап болды

Royal Bank of Scotland шығынға тап болды

Британиялық банк Royal Bank of Scotland-тың бірінші жарты жылдықтағы шығындары 2,68 млрд долларға жетті. Себебі, сотпен қайта құрылымдауға кеткен шығындардың ауқымы жоғары болып отыр. Осы уақыт аралығында құрылымның кірісі 6,1 млрд фунтты құрады. Өткен жылы аталған көрсеткіш 7,26 млрд-тан асқан еді. RBS-тың атқарушы директоры Росс Макьюэн өзінің 5 жылдық бағдарламасын орындап жатыр. Ол оның ортасына жетіп үлгерді. Бұрын әлемдегі ірі банктердің бірі болған құрылым қазір Британиялық экономиканың төмендеуіне байланысты құлдырап кетті. 

 

Сурет: hvylya.net