KASE қорытындыларын жариялады

KASE қорытындыларын жариялады

Қазақстан қор биржасының басшылығы 2015 жылдың және 2016 жылғы І тоқсанның қорытындыларын жария етті. Өткен жылы KASE-дегі биржалық сауданың ауқымы 92 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылғы көрсеткіштен 97%артық болды. Сарапшылардың пайымдауынша, айтарлықтай өсім акциялар мен ұжымдық облигациялар саласында тиесілі болған. Шетелдік валютаның мен репо келісім шарттары саны сәйкесінше 25 және 72 пайызға өсті.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Валюта нарығына қатысты айтар болсақ, қытайлық юань мен теңге жұбының ашылғандығына көп бола қойған жоқ, алайда нарықтағы өсім жоғары. 2015 жылы белсенділік 2,9 есеге артып кетті. Демек, нарық артып жатыр, болашаққа толыққанды сеніммен қарай аламыз. Ресейлік рубль мен теңгенің жұбы да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. 2015 жылы өсім 56% еңсеріп, 18,2 млрд рубльді құрады.

 

2016 жылдың І тоқсанында биржа саудасының ауқымы 24,4 трлн. теңгеге жетті. Сарапшылар, валюта нарығындағы белсенділіктің төмендеп бара жатқандығын айтты, себебі нарықта тұрақтылық байқалды. Бұдан бөлек, қазір KASE-де бос теңгелердің ауқымы азайып бара жатыр.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Алдағы уақытта, теңгелік қаржының айналымын арттыратын, құралдарға көбірек мән бергіміз келеді. Кейін, сол теңгені дұрыс инвестициялап отырған маңызды. Себебі, алдағы уақытта, теңгелік құралдарға сұраныс артады. Оған статистика дәлел болып отыр. Ақпан айында KASE индексінің өсімі кейде 100% жетіп отырды. Демек, кейбір құрылымдардың кірістілігі осы шамада болған. Алайда, бұл осы аралықта болған ең жоғарғы өсім емес.

 

Биржаның басшылығы, соңғы бір жылдың ішінде жекеменшік шоттардың саны 2,2% артып, 101 мыңға жеткендігін жеткізді. Жеке тұлғаларға биржалық акция саудасының 52,5 – 65,2% дейін тиесілі болды. 

 

Сурет: www.kursiv.kz


×