Intel қорытындыларын жария етті

Intel қорытындыларын жария етті

Intel І тоқсандағы қаржылық есебін жария етті. Чиптерді жасап отырған құрылым өзінің кірісін арттырып жіберді. Дербес компьютерлер нарығында сатылым көрсеткіштерінің төмендеп жатқандығына қарамастан, компания басқа салаларда кірісін арттырып келеді. Қазір құрылым жұмысшыларын қысқартып жатыр. Есеп беру кезеңін жоғары технологиялы компаниялардың арасында Intel бірінші болып бастады. 2016 жылдың бірінші тоқсанында компанияның таза кірісі 18,2 пайызға артып, 2,6 млрд. долларға жетті. Есепте ғаламтор заттардың саудасы жоғары болып отырғандығын байқауға болады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артып, 651 млн. долларға жетті.

 

 


Сурет: wccftech.com


×