Ақпан айында ҚР негізгі капиталына салынған инвестициялар 600 млрд. теңгеден асты

Ақпан айында ҚР негізгі капиталына салынған инвестициялар 600 млрд. теңгеден асты

Ақпан айында ҚР-сының негізгі капиталына салынған инвестициялардың ауқымы 601,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы 7 пайыздық көрсеткішке тең. 2014 жылы ол бар болғаны 4 пайызды құраған еді, - деп хабарлады ranking.kz. Инвестициялардың 40 пайызы шетелдік түріне тиесілі болған. Себебі, теңгенің доллар және басқа да шетелдік валюталарға шаққандағы құны төмендеп кетті. 2016 жылдың алғашқы 2 айында елдің экономикасына құйылған шетелдік инвестициялардың ауқымы 243,2 млрд. теңгеге жетті. Ішкі инвестициялардың ауқымы 10,2 пайызға артып, 358,7 млрд. теңгені құрады. 

 

Сурет: www.forbes.com