Кипр наурыз айында дағдарысқа қарсы бағдарламасынан шығады

Кипр наурыз айында дағдарысқа қарсы бағдарламасынан шығады

Кипр наурыз айында өзінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын сәтті аяқтап, одан сәтті шығады. Алайда, әзір кредиторлардың қойған талаптары орындалып отырған жоқ, - деп хабарлады "Интерфакс" MarketWatch-қа сілтеме жасай отырып. Кипр Ирландия, Испания мен Португалиядан кейінгі дағдарысқа қарсы бағдарламасын аяқтаған 4-ші мемлекет атанды. Әзір көмек бағдарламасы Грекияда ғана қалған. Кипр 2013 жылдың наурыз айында көмек ретінде 10 млрд. еуроны алған еді. Себебі, сол кезде, елдің ірі банктері өзін банкрот деп жариялаған еді. Барлығы мемлекет ЕО-қтан 6,3 млрд. және 1 млрд. еуроны ХВҚ-ынан алды. 

 

 

 

Сурет: worldcigaretteprices.com