Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

3-ші тоқсанда Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі бір жыл бұрын болған 5,8 пайыздың орнына 5,1 пайызға дейін төмендеп кетті. Ақпаратты елдің Ұлттық статистикалық басқармасы таратты. Осы шамадағы көрсеткіш соңғы рет 2005 жылдың тамыз-қазан айларының аралығында тіркелген еді. Bloomberg-тың сауалнамасына қатысқан сарапшылар 5,2 пайыздық көрсеткішті болжаған еді. Елдегі еңбекке қабілетті халықтың саны 31,39 млн. адамға жетті. Бұл 2015 жылдың маусым-тамыз айларындағы көрсеткіштен 267 мың адамға артық болып отыр. 2014 жылдың 3-ші тоқсанындағы көрсеткіштен 588 мыңға артық.

 

 

 

Сурет: www.express-k.kz