Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің капиталындағы үлесі 0,7% құрайды

Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің капиталындағы үлесі 0,7% құрайды

Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің капиталындағы үлесі $729 млн, немесе 0,7% құрайды. Ұлттық экономика министрлігіосындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bnews.kz. Төленетін капитал $145,9 млн құрайды, ол жыл сайын 5 траншпен $29,2 млн төленетін болады. Министрдің айтуынша, аталған келісімді ратификациялау Қазақстанға инфрақұрылымдық жобаларға ұзақ мерзімді әрі пайдалы несиелік ресурстар тартуға мүмкіндік береді, бұл экономиканың дамуына және Азиядағы өңірлік шоғырланудың кеңеюіне оң ықпал ететін болады. Энергетика, көлік, логистика, қала және ауыл инфрақұрылымы қаржыландырудың басым бағыттарына айналады.

 

Сурет: today.kz