Apple – 2015 жылдың ең қымбат брендтері рейтингінің көшбасшысы

Apple – 2015 жылдың ең қымбат брендтері рейтингінің көшбасшысы

Forbes халықаралық басылымы 2015 жылдағы ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады. Nur.kz хабарлағандай, көшбасшылар бестігі өзгеріссіз қалды, бірақ компаниялардың құны өзгерді. Бренд тізімінің басында - Apple, оның құны бір жыл ішінде 17% артты және 2015 жылы $145,3 млрд құрады. Рейтинг көшбасшысынан біршама кейін қалған $74,2 млрд деңгейіндегі екінші орын Microsoft-қа бұйырды. Бұл бренд сондай-ақ бір жыл ішінде өз құнын 10% деңгейінде арттыра алды. Google $65,6 млрд және 16% өсу серпінімен рейтингтің үшінші ұстанымына ие болды. Төртінші және бесінші орындарды Coca-Cola мен IBM бөлісті.

 

Сурет: appleinsider.ru