Германиядағы жұмыссыздық 1990 жылдан бері минимумда қалды

Германиядағы жұмыссыздық 1990 жылдан бері минимумда қалды

Германиядағы жұмыссыздық 2015 жылғы желтоқсанда 6,3% деңгейінде қалды, бұл  1990 жылы мемлекет қосылған сәттен бергі ең төменгі көрсеткіш, мұны ГФР жұмысқа орналастыру жөніндегі федералдық агенттігінің деректері куәландырады, деп хабарлайды Вести Экономика. Мемлекеттің жұмыссыз тұрғындарының саны маусымдық факторларды есепке алғанда  14 мыңға қысқарды. Bloomberg сарапшылары 8 мыңға дейін ғана төмендеуді болжаған еді. Қайта қаралған деректер бойынша, қарашада көрсеткіш бұрын хабарланғандай 13 мыңға емес, 14 мыңға төмендеді. Бундесбанктың болжамы бойынша, жеке тұтыну жұмыспен қамтудың және халық табысының   артуы аясында өсімін жалғастыратын болады.

 

Сурет: www.nord-news.ru