Жаңа iPhone өндірісін қысқарту туралы жаңалықтар Apple акцияларының құнын төмендетеді

Жаңа iPhone өндірісін қысқарту туралы жаңалықтар Apple акцияларының құнын төмендетеді

Жаңа iPhone өндірісін қысқарту туралы хабарламалар Apple акцияларын құлатты, деп хабарлайды Rambler News Service. Дайындалып жатқан қысқарту туралы жапондық Nikkei іскерлік газеті хабарлады. Басылымның деректері бойынша, жылдың бірінші тоқсанында Apple iPhone смартфондарының соңғы үлгілерінің шығарылымын 30 %-ға азайтады. Менеджмент сатылмаған iPhone 6s және 6s Plus смартфондары көп болғандықтан мұндай қадам қажет деп есептейді. Шығарылымды қысқарту саудагерлерге қолда бар тауарды сатуға мүмкіндік береді, деп сенеді компаниядағылар.

 

 

 

Сурет: kapital.kz