Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 2,9 пайызға артты

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 2,9 пайызға артты

Қазақстанда ағымдағы жылдың 7 айында бөлшек сауда көлемі 2,9 пайызға артып, 3,3 трлн теңгеден асты , деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасаған BNews.kz. Дәл осы мерзімде көтерме сауда көлемі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға ұлғайып, 8,4 трлн теңгені құрады. «Көлік» саласы бойынша физикалық көлем индексі 7 айда 106,7 пайыз, «байланыста» -102,8 пайыз, «сауда» саласында -102 процент. Сусындар мен азық-түлік өнімдері қызметтерінің көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында 154,1 млрд теңге болды. 2014 жылдың қаңтар- шілдесімен салыстырғандағы өсім – 6,6 пайыз. 

 

 

Сурет: kazanfirst.ru