ҚХР ОБ: юаньнің алдағы девальвациясына негіз жоқ

ҚХР ОБ: юаньнің алдағы девальвациясына негіз жоқ

Юаньнің алдағы девальвациясына негіз жоқ, деп хабарлайды Қытай Халық Банкінің ресми өкілдеріне сілтеме жасаған Синьхуа агенттігі. 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында Қытайдың ішкі тауарлары саудасының оң сальдосы 305,2 млрд АҚШ долларына тең болды. Бұл юаньнің айырбастау бағамын қолдауға негіз болып отыр. Орталық банк өкілі қытайлық валютаның айырбастау бағамын тұрақтандыруға түрткі болатын тағы бірқатар факторларды атап өтті. Бұл – юаньді интернационалдау үрдісін жеделдету, сыртқы нарыққа қаржы нарығын қажетті валюталық резервтер мен тұрақты қаржылық жүйені ашу, дейді ол.  

 

 

Фото: theguardian.com