АЭФ- 2019 авторларының цитаталары

АЭФ- 2019 авторларының цитаталары

Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгінде әсіресе АҚШ пен Ресей арасындағы санкцияланған қарама-қарсылық айқын болып тұр.

2030 жылға қарай дүние жүзі бойынша шамамен 375 миллион адам өз мамандығын өзгертуге және қайта даярланудан өтуге мұқтаж болады

Мобильді және шығармашылыққа икемді адами капитал - экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады.

Кристин Лагард

Қазақтың әйгілі ақыны Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық бас». Oсы аймақтың перспективаларын және оның алдында тұрған мәселелерді талқылау үшін бұл сөздің концепциясын негіз ретінде алғым келеді.

Белсенді үкімет және сыбайлас жемқорлықтың жоюлуы экономикалық өсудін басты факторлары

Қаржы жүйесі әрбір тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс.

Мемлекет пен халықаралық ұйымдардың жемісті еңбегінің нәтижесінде, Қазақстан әйелдері жұмысқа орналасудан ең жоғарғы деңгейге жетті.

Хань Чжэн

Инновацияның мәні - адам капиталын кеңейту. Бұл тұрғыда біз білім беру және жоғары білікті кадрлар даярлау саласын нығайтуымыз керек.

Мамука Бахтадзе

Әрбір үкімет адам капиталын дамытуға инвестиция салуға міндетті.

Біз бәсекелестік әлемінде өз жайлылық аймағынан шыға алатын және ерекше ойлайтын адам ғана табысқа жететінін түсінуіміз қажет.

Герман Греф

Егер сен кеше бастамағаның, бүгінгі кешіккенің.

Оқушылардың 88%-ы оқулықтарды қызықсыз деп санайды. Оқушылар мен мұғалімдердің 67%-ы оқу үрдісімен қанағаттанбайды.

Барлығымыз өмірдегі оқушылармыз. Біз Махатма Гандинің «Ертеңгі күніңіз өмірініздің соңғы күніңіздей өмір сүріңіз. Мәңгі өмір сүретіндей білім алыңыз» деген принципін басшылыққа алуга тырысамыз.

Пол Ромер

Әрбір ұлт жаһандық экономикалық өсуден белгілі бір пайда ала алады.​