Әлемдегі суық шаһарлар

Әлемдегі суық шаһарлар

«Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар». Арқадағы сарышұнақ аяз арқар тұрмақ, Астананың халқын бір-екі күн дірдектетіп алды. Аялдамада бүрсең қаққан ел, көлігі от алмай әлекке қалған жүргізушілер безіп кетті. Қыстың аты қыс. Деседе, ауа райын болжаушылар алдағы қаңтар мен ақпанда анау айтқандай суықтың болмайтынын айтады. Наурыз айында күн райы тіпті жылынып, Жер Ана өзге жылдармен салыстырғанда ерте оянатын секілді. Сонымен аязы ашуға мінсе, Астана минус 45-48 градусқа дейін суытады. Ал әлемдегі ең суық қалалардың тіршілігі қандай болып жатыр екен.

1. Антрактидадан 240 шақырым қашықтықта жатқан Данияның Нуук қалашығы. Қала халқының саны 17 мыңнан аспайды. Сынап бағанасы -32 градус суықтан түспейді. Жергілікті тұрғындар негізінен балық аулаумен айналысады. Бірнеше жоғарғы оқу орны бар.

2. Ресейдің Мурманск қаласы да қыстай сіресіп суығы -39 градустен төмен түспейді. Жазда сынап бағанасы +33 градусқа дейін ыстық болады. Қала халқы 300 мыңнан аспайды.

3. Астананалардың ішіндегі ең суық шаһар Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторға тиесілі. Қыстай -42 градус суықпен шығатын шаһарда жаз шықса ауа-райы +39 градусқа дейін ыстық болады. Бас қалада 1.3 миллион халық тұрады.

4. Норвегияның  Лонгйир елді-мекені де әлемдегі ең суық нүктелердің қатарына жатады. Бар болғаны 1 мың халық тұратын елді-мекенде күннің суығынан үйлер бір-біріне жақын салынып, жабық, жылы дәліздер арқылы көршілер бір-біремен қатысады. Бұл елді-мекеннің тағы бір ерешелігі бұл жерде босануға және адам жерлеуге болмайды. Қайтыс болған адамды Норвегия алып кетеді. Елді-мекенді көмір өндіретін шахтерлердің шағын шаһары деп бағалауға болады.

5. АҚШ-тың Солтүстік мұзды мұхитқа ең жақын жатқан Барроу қалашығы да қыстай қақап тұрады. Қыста -47 градустен түспейді. Соған қарамай ауа-рауы тез құбылмалы. Бүгін жылымық болып тұрған ауа-райы ертеңіне мүлде суып кетеді. Содан болар шағын елді мекенде халық саны өсе бермейді.

6. 170 мың халқы бар Ресейдің Норильск қаласында қыс -53 градустан түспей тұрады. Көліктер от алмай, теникалары сіресіп қатып қала беретін қаланың бірі. Жылу орталығының түтінінен басқа да өндіріс орындары ауаны ластап, экологияны бүлдіріп болған.

7. Суығы -65 градусқа дейін баратын чукчалардың шықпаған жаны. Якутск қаласында 300 мың халық қыстай «мұз төсеп, қар жамылып» жатады.

8. Ал, әлемдегі ең суық нүкте Ресейдің «Восток» станциясы болып табылады. 1957 жылы іргесі қаланған станцияда қысы жазы -89 градустан түспейді. Станция халқы ауыспалы вахталық негізде жұмыс істейді.

Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ