Арманда кеткен Ақбаян

Өмірден озғанына 20 жылдай уақыт өтсе де, бұлақ сылдырындай дауысы елдің жадында, еліктей бейнесі  көз алдында тұрған әнші Мәдина Ералиеваға деген жұрттың сағынышы басылған жоқ. «Қоғалай», «Айқаракөз», «Угаайай» секілді халық әндерін бастаған Мәдинаның өлмес ғұмыры әнмен жалғасты. «Ақбаян», «Сағындым сағым жылдар», «Есіңе мені алғайсың» секілді сарғайған сағынышқа толы әндермен шығармашылығын әрлеген әншінің ақырғы сәтте «Күрең күз» әнімен қыршын ғұмыры үзіліп түсті. Қарашаның қара суығындағы суыт хабар Мәдина мен күрең күз сөзін бір ұғымдай біте қайнастырып жіберді.

«Бір туынды тарихы» бағдарламасы осы жолғы шығарылымда әншінің балалық шағынан бастап, шығармашылықтағы шырғалаңын, тұрмыстағы тауқыметін, өнердегі өрлеуі мен өмірден озардағы соңғы сәттерін тілге тиек етеді.