ОКРОШКА МЕН ОКОРОЧКА

ОКРОШКА МЕН ОКОРОЧКА

Ет жеп өскен қазақпыз ғой. Шөп шаламнан дайындалған тағамдардың атауын біле бермейміз. Бірде құрдастар болып кафеге отырдық. Алдымызда меню. Қалтадағы қағаз санаулы. Шетінен əр тағамның бағасымен танысып, саусағымызды менюдан төмен сырғытып келеміз.

          -О окорачка ! бағасы арзанғой соны жей салайық деді арамыздағы біреуі.

         Мейлі деп тапсырысты беріп тастадық. Əлден уақытта белі бұраңдаған даяшы бір патноске толы суреттегідей тағамды алып жетіп келді. Бəріміз бір-бірімізге қарап аң -таңбыз.

           - Қарындас сіз басқа біреудің тапсырысын шатасып бізге əкеліп қойдыңыз-ау. Біз тауықтың артқы аяғына тапсырыс берген сияқты едік.. Даяшы да бетбақ екен. Ай-шайға қарамай айқайлай жөнелді.

           -Қандай адамсыңдар окрошкаға тапсырыс беріп алып бұл емес дегендерің не?? Кімді мазақ қылып тұрсыздар колхозбайлар. Арамыздағы біреуі атып тұрды.

          - Ее шүйкебас. Өзің колхозсың. Окорачкіге тілің келмей окрошка деп тұрған. Даяшы қайтадан алдымызға менюді тарс еткізді.

         -   Сауатың бар ма көзіңді ашып оқы. Содан менюдағы жазуа көзімізді ашып қарасақ шын мəнінде окрошка деп жазып қойған екенғой. Біз оны тауықтың аяғы деп ойлаппыз)))

Салтанат Абылбекова