НОВОБАЗАРСКИЙ ГРЕК

НОВОБАЗАРСКИЙ ГРЕК

           

         Мектепте 8 класстан кейін Кірпішбай ағайымыз менің әрі қарай оқуыма қарсы болды.Қиын баланың бірі болдым-ау, мен десе, бет ауызы жыбырлап кетеді. Қаладағы қолөнер училищесін түсіп,  оқи бастадым. Оқығанымызға бір апта өтпей жатып бізден бір-екі курс жоғары оқитын  балалар жаңадан оқып жатқан біздерді топырлатып қойдан  айдап бір классқа кіргізіп жіберді де сыртымыздан бекітіп тастады.

          Бөлменің төр жағында бұлшық етін ойнатып тұрған бізден жоғары оқитын боксшы Степан деген орыс:

         -Келіңдер қой сияқты топырламай, менің жаттығуыма бір бірлеп, келіңдер ана бокс қолғабын киіңдер ,- деп,өзі бокс қолғабымен ауаны оңды-солды сілтеп тұр.

          Қорқақтап біреуі шығып еді, Степанның қолы тимей құлап түсті.Бірнен соң бірі бес-алты бала бірінші соққыдан құлап жатты.Мені бір-екі бала итермелеп ортаға шығарды. Амал жоқ қолғапты кидім."Қорыққан бұрын жұдыртайды"дегендей бірінші соққыны Степанның бос тұрған дәу ішінен ұрдым. Іші қолық ете қалды. Өзімде қалай ұрғанымды білмей қалдым.Степан бүк түсіп отыра қалды.Бір уақытта басын көтеріп:

           - Ты что боксер что ли?,-  деді.

            Мен-да дедім. (бірақ мен өтірік айттым) Демін ішіне тартқан курстастарым ду етті де күліп сала берді.

           Осы жағдайдан кейін мені училище шығарып жіберді.Себебін айтқан жоқ. Кейін естідім, Степанның әкесі біздің кураторымыз екен.Осы жағдайдан кейін мен тез есейдім.

           Төбелесейін деп төбелеспейсің ғой, ешкімге есемді жібергім келмейді, сөзін басымнан асырмаймын. Қызылорданың «Жаңа базар» ауданында тұрғанған да да өзге ауданның балалары маза бермейтін. Жекпе-жекте ақымды алып, жүнін жығатынмын. Талай жасөспірім жөнсіз тиіскені үшін таяқ жеді. Сол үшін мені балалар «Новобазарский Грек» деп атап кетті.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ