БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

Бұл кісіні сыртынан жұрт "Тасмаңдай" деуші еді. Неге айтқанын білмеуші ем. Мүмкін өмір жолының ауырлығына айтты ма екен. Ол жағы маған беймәлім.

Аты-жөні Досмағанбет Тасекеев. Облыстық газетте 20 жыл жұмыс істедік. Өз өмірі туралы дерек аз. 1957-58 жылы екі жыл қатарынан әңгіме, повестерін жинақтап, кітап етіп шығарғаны есімде қалыпты. Бір нәрседен үріккендей қайтып кітап шығаруды немесе көркем шығарма жазбай кеткен. Газетте істеген жұмысы ауыр бөлім - "партия тұрмысы" бөлімі. Өте көп білетін кісі. «Дүниежүзілік классикалық әдебиетті тауысқан» деген сөз бар. Көрші орыс газеттінің еврейлері Досекеңді қаумалап, тыңдап отыратыны есімде қалыпты. Біздің бастықтар, обкомның хатшылары бұл кісіден қашықтау жүреді деп естігенмін. Өйткені Досекеңнің тілі өткір, бетке айтады.Соғыс кезінде капитан Досекең қиын мінезімен сотталған ба? Штрафной батальонның командирі болған. Соғыстағы жолы да ауыр болған.

Қызық кісі, мақтап отыратыны - өз әйелі. Балалары да болмаған, алпысқа жетпей әйелі де, өзі де қайтыс болды. Асырап алған баласы өзін асып өлтірді. Баласының өзбек әйелі үйді сатып Ташкентке көшіп кетті. Қәзір сол тұрған үйді көрсем "Тасмаңдайды" есіме аламын. Өмір деген осы.


БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ