ШҮМЕК ПЕН ПАМПЕРСТІҢ АЙЫРМАСЫ

ШҮМЕК ПЕН ПАМПЕРСТІҢ АЙЫРМАСЫ

Мың жерден қазақ баласының  қол - аяғын шандап бесікке бөлесең  де, орыс қыздарының аяқтарындай оқтаудай болмайды. Бесікке бөлегеннен баланың аяғы түзелсе, әлдеқашан  «түзу аяқты ұлт» біз болар едік. Бесіктен белі шыққасын, ата-тегімізге, ұлттық  негізімізге тартып әсіресе ұлдар аутаңдап аяқтан-аяққа көшпесек те,  ауымыздың арасын ауа қарпып өмір баспалдағына ұмтыламыз.

Негізі қазірде кейбір педиатрлар бесікке бөлеудің  зияны көп деп байлам жасап, көптеген жас ананы ұлттық дәстүрден қолын үзді. Неге? Дәрігерлер, «дисплазия» деген диагнозды бесікке апарып тірегілері келеді. Жамбас бұлшық еттері, сүйектерді дұрыс қалыптаспай қалады деп есептейді. Сан ғасырлардан бері ана-әжелеріміз  дәрігер болмаса да буыны қатпаған баланы сылап келді.

Қазіргі тілмен айтса 15 минуттық «упражнения». Құрысқан жауырыны мен қол-аяғы керілгенде шақалақтың көз қиығында ләззәт алған ұшқын жарқ етеді. Сондықтан, баланың еркіндігін шектегенен бұлшық еті  өспейді деу қисынға келмейді.Егер осылайша өлшеп-кессек борбайы «Памперстен» бызынаған бала денсаулығына келетін зиянда шаш-етектен  болуы ықимал.

Иә, бабаларымыз бала борбайына шүмек салып, бесікке бөледі. Жылы жатсын, желден ауырмасын деп сақтық жасады. «Кіш» етіп қоймасын деп қойдың жілігінен «шүмек» жасап, тазалығына да қатты қарады.Ертеректе, түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін.  Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылған.

 НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ