ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАЗАЛАУШЫ БАСШЫЛАРЫ

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАЗАЛАУШЫ БАСШЫЛАРЫ

              Әр кездерде Қазақстан Жазушылар одағына төрағалық еткен адамдардың тізіміне назар салыңызшы. Ілияс Жансүгіров (1932-1935ж.ж), Ғаббас Тоғжанов (1935-1936 ж.ж), Сәбит Мұқанов (1936-1937, 1943-1951 ж.ж), Мұхамеджан Қаратаев (1937-1938 ж.ж), Дихан Әбілев (1938-1939 ж. ж), Әбділдә Тәжібаев (1939-1943 ж.ж), Ғабиден Мұстафин (1953-1956, 1962-1964 ж.ж), Ғабит Мүсірепов (1956-1962, 1964-1966 ж,ж), Әди Шәріпов (1966-1971 ж.ж), Әнуар Әлімжанов (1971-1979 ж.ж), Жұбан Молдағалиев (1979-1983 ж.ж), Олжас Сүлейменов (1983-1991 ж.ж), Қалдарбек Найманбаев (1991-1996 ж.ж), Нұрлан Оразалин (1996-2018 жыл), Ұлықбек Есдәулет (2018 жылдан қазіргі күнге дейін).

        Алғашқы төрағасы Ілияс Жансүгіров болды. Деседе, атақты жазушының мансабы ұзаққа созылмады. Нағыз саяси қуғын-сүргін келген тұста бұл қызметке «жалшы баласы» Сәбит Мұқанов келіп, көптеген дарынды жазушылардың сыртынан арыз ұйымдастырды, қуғынға ұшыратты. Атылып кетуіне себепкер болды.Ілиясты аттыртып, бала-шағасын пәтерден қуып шығуға да Сәкең «үлесін қосты». Ол кез 1936 жылдар болатын. Сәбиттің орнын басқан сыншы Мұхамеджан Қаратаевтың да тарихта аты жақсы аталмайды. Мағжанның түбіне жеткен адамның бірі ретінде қалды.«Ағама жеңгем сай демекші» осы арызқой топ соңынан билікке келген Әбілдә Тәжібаев та Мағжан шығармашылығын мүмкіндігі келгенше «жоққа шығаруға» жанталасты.Мұхтар Әуезов Мәскеуге жан сауғалай қашқанда, «Ұстаңдар ананы»,-деп жазушылар одағының емен үстелін тоқпақтаған да Тәжібаев емес пе еді?! Оның қасында бір жыл төраға болған жазушы Дихан Әбілевтің азаматтық болмысы әлдеқайда таза. Мұстафин, Мүсірепов, Шәріпов Одақ жетекшілігінде таза шығармашылық адамы ретінде қалды. Әнуар Әлімжанов жандайшап билікке қосылып «Желтоқсандықтарды» сынға алды. Ал сол жылдарда төраға болған Олжас Сүлейменов араша сұрап келген жастардың алдына Одақ кеңсесінен  шықпай қалды.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ