КЕЛІННІҢ КЕЛБЕТІ

 

Соңғы кезде қазақтың келінінің киген киімін былай қойғанда сәлем салу үрдісі де өзгеріп барады-ау. Беташар тойханада өтеді, жас келін кеудесі жалтырап дүйім жұрттың алдында беттері ашық еңкейіп сәлем салып тұра береді. Қайын ата, қайын аға, қайын іні мен босаға аттаған елдің алдындағы келіндік иба қайда қалады? Қымсынбайтын ұятсыздықтың басы осыдан бастау алады негізі. Қазақ беташарды қара шаңырақта жасаған еді. Келіннің басындағы орамалды сол әулеттің өсіп-өнген өнегелі апаларының біреуі ашатын болған. Бетін ашқан орамалды келіннің басына байлаушы еді. Қазір асабасымен қосып көлденең көк атты аша береді әйтеуір. Бетін әзер жабатын фатамен басын қалай бүркесін сосын. Іштен біліп, көзбен көріп отырса да үлкендер жағы жақ аша алмайтын хәлге жеткен.

Өмір ағамыздың ФБ парақшасынан мына суретті көріп сүйсініп әрі күйініп отырғаным ғой. Қазақтың келіні деп ауыз толтырып айтуға болатын-ақ жан екен. Өрісі кеңейсін, өркені өссін..

ТАЛШЫН САҒЫНЫШ