ДАЛА САҒАТЫ

ДАЛА САҒАТЫ

      Киіз үй тек көшіп-қонуға ыңғалы, тез жиналып, тез құрылатын жылы баспана ғана емес, ол сағаттың өлшем бірлігі екенін ұмытпаумыз керек. Шаңырақ-күн, уық-шуақ болып жасалған бұл геометриялық конструкцияның  негізіне түрколог-ғалым  Әуелбек Қоңыратбай талдау жасаған. Ғалымның қисыны бойынша, қазақтағы таяқ тасам, сүт пісірім, ет асым, ат шаптырым жер деген қашықтық ұғымының бәрі уық бойы жылжитын күннің қозғалысына  есептелген. Мәселе, сүт пісірім уақыты күн төрт уықтан жылжыса 20 минут болады.  Басқа да уақыт бірліктері осылайша есептеледі. Осындай ұғымдарды шетелдіктерге түсіндірген сайын таңданыс  білдіреді.  Ал, әйнегі жалтыраған зәулім ғимараттар мен озық технологиялы техникаларыңа пысқырып та қарамайды. Америка, Жапония, Германия, Израиль секілді мемлекеттер ой еңбектерін сатуы арқылы жылына  миллардтаған табыс табады. Ал, өз тарихында көшпелі дәстүрі жоқ олар үшін дала пәлсапасы таңсық әрі қызық.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ