ӘМІРДІҢ ӘМІРІ

ӘМІРДІҢ ӘМІРІ

Әмір Темір өзінің үзеңгілес досы Қыраншы батырдан - "бүкіл Самарқандты, Бұхараны, Хиуа мен Үргенішті, Мавераннахрды бағындырдық, енді бұлардың тұрғындарын әскерге дайындаймыз ба, не істейміз?" деп сұрағаны бар.

Сонда, Қыраншы батыр: "Бұлар ат үстінде отырып, жауға шаба алмайды. Тақымы әлсіз. Есек үстінде отырып жүк тартпаса. Бұлардың ұсталарын жинап алып, қару-жарақ, жебе жасатқанымыз әлдеқайда оңды болар. Ат үстінде ойнап өскен өзіңіздің қыпшақтарыңыз әскеріңіздің негізгі күші емес пе?! Мына есек мінген сарттарды қоссаңыз, әскердің жауынгерлік қабілетін әлсіретіп алуыңыз мүмкін" деп жауап қатыпты.

Соны ескеріп Әмір Темір осы өлкенің ұсталарын жинап алып, арба-арба жебе жасатып отырыпты. Сондай-ақ ұсталарды үнемі жорыққа да бірге алып жүрген екен...

 

Бейсенғазы Ұлықбектің "Әмір Темір мен Баязидтің соғысы" атты мақаласынан