«ҚҰЛАГЕРДІҢ ПЫСҚЫРҒАНЫНА ТҰРМАЙДЫ»

«ҚҰЛАГЕРДІҢ ПЫСҚЫРҒАНЫНА ТҰРМАЙДЫ»

70 жылдары Асқар Сүлейменов "Құлагер " фильмнің сценарийін жазады.Соған байланысты Нұржамал Сақыпова деген кісінің айтуы бойынша:

Авторлық құқықты қорғау бөлімінде істеймін. Бір күні жұмысқа жүріс-тұрысы бөлек,бұрын-соңды ешкімге ұқсамайтын бір адам келді.Танымаймыз . Фильм сценарийінің қаламақысын алуға келген екен.Кеңес өкіметінің тұсы,Құлагер сияқты ұлттық құндылықтарға көзқарастың кырындау кезі.Сценарийдің қаламақысына болмашы ақша берілді. Оны азсынғаны, ренжігені түрінен білініп тұрды. Бірақ ештеме демеді. Оны байқаған бухгалтер:"Сіз мынадай тарихи фильм жазғаннан гөрі советтік өмірді көрсететін ,мақтайтын сценарий жазғаныңызда қаламақыңыз да көп болатын еді" дейді.Сонда ана кісі тұрып:"Сіздің советтік өміріңіз Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды " деп шығып кетті...

Сәкен Жүргеновтің парақшасынан