«БАЛА ТІЛІ-БАЛ»

«БАЛА ТІЛІ-БАЛ»

Ауылдағы Керімхан көкеміздің мектепке жаңадан барған немересі бар. Тілі тастай. Осыдан бір-екі жыл бұрын Керімхан көкеміз ортаншы ұлын үйлендіріп, той істейтін болды. Тойдан бір-екі күн бұрын, Арыстан деген ағамыз екеуіміз құтты болсын айтып бардық. Барсақ, Керекең бүкіл ұрық-шұрығымен баудағы алма ағашының көлеңкесінде шай ішіп, бір нәрсені талқылап отыр екен. Бір бұрышында әлгі немересі де отыр.

Хал-жағдай, тойға дайындық барысын сұрап, күліп-ойнап отырғанбыз.

Бір кезде Арыстан:

– Әй, «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген… Тойдың шаруасы дөңгеленіп қалыпты. Енді келген қонақтарға бір жүз грамм деген әкелмейсіңдер ме? Тойды бастамаймыз

ба? – деді әзілдеп.

Сөйтсе, бұрышта отырған әлгі бала жан-жағына бір қарап алып:

– Ой, қайдан… Өздері тойға жеткізе алмай, милары ашып, өліп отыр ғой, – дейді.

Бір аптаға дейін күліп жүр­дім-ау…»

Оралхан Дәуіт