КӘСІПҚОЙ ӘРТІС

 

Қызылорда облысы, Арал ауданы тұрғындарының аманатын арқалаған Құдайберген Тәуекелұлы бірінші сайланған кәсіби Парламенттің депутаты болды. Аңқасы кепкен Арал теңізі маңындағы елді-мекендерді су таситын жүк көлігімен қамтамасыз етті. Қысқа жіп күрмеуге келмей тұрған тұста ол да пәрменді көмек еді. Жасы келген сайын аңсары туған жерге ауған Құдайберген Сұлтанбаев батыр бабасына ескерткіш тұрғызуды мақсат тұтты. Шағын театр ашып, жас актерлерді әзіл-ысқақтың қыр сырына баулығысы келді. Деседе, ғұмыры жетпеді.

Өмірінің бір ширегін өнерге арнаған Құдайберген Сұлтанбаев туралы жұртшылықтың ықыласы кеміген емес. Өміршең өнермен өрілген актер өмірі демек, келте қайырылмайды, қысқа кесілмейді.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ