БАЙ БАЛАСЫНЫҢ БОЛМЫСЫ

 

-Әй, Жомат-ә мынауың ырбақай ғой ә,-деп байдың есуас ұлы болып сахнада тәлпіш  қызбен танысатын Құдайберген бейнесі елдің әлі күнге жадында. Бұл- «Тамашаның» базары тарқарының алдына Сұлтанбаевтың салған образдарың бірі болатын. Ел армансыз күлді. Қисайып, кем адамды бір-екі ғана қимыл-әрекетпен көрсете қоятын хас шебер еді. Талантты актер тойға барғанның өзінде адамдардан образ іздеп, оғаш қылығынан оқшау мінез шығаратын. «Дарынды болу құдайдан» дейтін сөз рас қой, атына заты сай актер таланттығымен шығармашылық ғұмырын ұзартты.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ