САУАЛҒА-САУАЛ, ЖАУАПҚА - ЖАУАП

САУАЛҒА-САУАЛ, ЖАУАПҚА - ЖАУАП

Әйтеке шешен бірде Қаздауысты Қазыбекке келіп сәлем береді. Бұл Әйтекенің  әлі жастау кезі болса керек.

-Уа, бала!  Атадан жақсы ұл туса – елдің туы болады, жаман ұл туса – соры болады деуші еді. Соның қайсысы боласың ? – дейді Қазыбек.

- Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деуші еді? - дейді Әйтеке. - Иншалла, қазынамыз, - дейді Қазыбек. – Ендеше, біз елдің туымыз! –дейді Әйтеке шешен.

Алма Түсіпбекова