Ақпараттық бағдарламалар бөлімінің бас редакторы

Ақпараттық бағдарламалар бөлімінің бас редакторы

Оспанова Айгерім Жетібаевна Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де журналист мамандығын тәмамдаған. Кейін ҚазГЮУ-де халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде білім алады. 2006 жылдан бері телевизиялық журналистикада қызмет етіп келеді.

«Мен үшін жаңалық – әрдайым қызықты, одан да қызығы – жаңалықтың не екенін жете түсіну үшін оны өз көзіңмен көріп, жасау. Сондықтан болар, жаңалықтар саласындағы журналистика адами ресурты көбірек талап етеді. Нағыз кәсіби журналист бір жағынан қарапайым, ал екінші жағынан үлкен талаптарды мойнына артып, жауапкершілік сезінеді. Журналист үнемі іздену үстінде болуымен қатар, қашан да білімін толықтырып, 24 сағат бойы жұмыс істеуге әзір екенін білдіру керек. Ал бұл қызмет – саясат, қаржы, экономика салаларын қамтып, филологиялық сауаттылықты талап етеді».

Өмірлік ұраным: «Keep Calm and Carry On».