16 желтоқсанда Астанада тегін жол жүруге болады

16 желтоқсанда Астанада тегін жол жүруге болады

ҚР Тәуелсіздігі күні - 16 желтоқсанда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Тиісті шара «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

 

Жалпы, желтоқсан айында 70-тен аса мәдени-бұқаралық шара өткізілмек. Соның ішінде, түрлі акциялар, көрмелер мен конкурстар бар. Бүгінде I love Astana, I love KZ флешмобтары, әнұранды білу бойынша конкурс, жалпы республикалық достық сабағы және т.б. өткізілді. Ал 18 желтоқсанда елдің басты шыршасы жағылады. 15 желтоқсанда садақ атудан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Астана қаласының чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында астаналықтар шаңғы жарысында бақ сынасады.

 

Мұнымен қоса, бір айдың ішінде үздік құрылысшылар, кәсіпкерлер, педагогтар, ООО және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады.