Cарапшылар пікірі: Қазақстан – тұрақтылық салтанат құрған ел

Cарапшылар пікірі: Қазақстан – тұрақтылық салтанат құрған ел

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін әлем елдері мойындап отыр. Бүгінде еліміз - экономикасы қарқынды дамып отырған, тұрақтылық пен татулық салтанат құрған мемлекет. Республиканың бейбітшілік саласындағы халықаралық бастамалары, бітімгершілік қызметі әлемге танымал. Осының арқасында Қазақстан ширек ғасыр ішінде әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналды, дейді сарапшылар.

 

ПАУЛО БОТТА, ЛА-ПЛАТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

Бүгін Қазақстан әлемге танылды. Қазір қазақ еліне саяси ғана емес, мәдени тұрғыдан да қызығушылық басым. Қазақстан экономикасы үлкен қарқынмен дамып келеді. Биыл Қазақстанның  БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше атануы - өркендеудің жарқын үлгісі дер едім. Келер жылы осы елде Аргентина елшілігін ашпақпыз. Бұл біздің Орталық Азия аумағындағы алғашқы дипломатиялық өкілдігіміз болады. Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын.

 

 

ДЭВИД ДОРНБУШ, FRANCE CLEANTECH SAS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

  Қазақстанда бизнесті дамытуға қажетті барлық жағдай бар. Расында әлемдегі көптеген инвесторлар қазақ елін бизнес жүргізу үшін өте қолайлы жер деп жоғары бағалайды. Банк жүйесі жақсы жолға қойылған. Қазақстан халқына алғысым шексіз. Бізді үнемі құшақ жая қарсы алады. Әрқашан ыстық ықыласын сезінеміз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Баянды болашақ тілеймін!

 

Сурет: 24.kz