Астанада Мұқаметқали Тналиннің шығармашылық кеші өтті

Астанада Мұқаметқали Тналиннің шығармашылық кеші өтті

Астанада сазгер, дирижер, композитор Мұқаметқали Тналиннің шығармашылық кеші өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт бағдарламасында «Есілім-еркем», «Жайлау биі», «Классикалық вальс», «Жақсылық» күйі, «Құлпырған елім», «Интермеццо», «Айтар ой», «Шілдедегі шілдехана» және т.б. танымал әндер мен күйлер орындалды.

 

Тналин Мұқаметқали Хасенұлы – сазгер, дирижер, композитор, педагог және «Мәдениет үздігі» марапатына лайықталды.

 

Мұхаметқали Тналин 20-дан астам ән мен 30-дан артық күй, он шақты классикалық және оркестр туындыларының авторы.

 

«Оның әндерін Мемлекеттік академиялық филармонияның солистері мен эстрада жұлдыздары Күнсұлу Тұрлыбекова, Нұрай Танабаев, Данияр Мұқан бүкіл Қазақстан бойынша орындап жүр. Композитордың еңбектері ерекше, музыкасы ойнақы, жайдары», – дейді Қазақ оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов.

 

Мұқаметқали Тналин концерттік бағдарламамен барлық Қазақстанды шарлап, қазақ әуенін Мәскеу, Ленинград, Киев, Ростов на Дону, Оренбург, Алжир мен Чехословакияға гастрольдік сапары кезінде орындаған. Қазіргі кезде өзінің шығармашылығын жалғастырып, «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің дирижері.