IFC - Халықаралық қаржылық корпорация

16 ғасырдың соңында голландиялықтар гүл өсіру кәсібі пайдасы ең көп сала болатыны жайында білмеген еді. Барлығы нидерландыда қызғалдақ гүлін өсіріп көрген француздық ботаниктің тәжірибесінен басталған болатын. Мұндай таңғажайып өсімдік жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Олардың көбісі өздері де осындай гүлді өсірумен айналысқысы келді. Осылайша сирек сорттың бір баданасының бағасы бүтін бір үйдің құнымен теңесті. Алайда жаңа кәсіпке жан тәнімен берілген голландықтар инвестицияның осы түріне аямай ақша салумен болды. Нәтижесінде кедей адамдар байлыққа кенеліп шыға келді. Ал қызғалдақ өсіру дәстүрі бірнеше ондаған жылға жалғасты.

Пікірлер