Фармацевтикалық нарық

Жыл сайын әлем бойынша дәрі-дәрімекке үш триллион доллар жұмсалады. Еуропада орта есеппен бір адамға дәріхана түбіртегі 500 долларға айналса, ал Жапонияда – 620, АҚШ-та жылына 1000 долларға дейін жетеді. Қазақстандықтар өзге елдерге қарағанда дәріге айтарлықтай аз жұмсайды. Жылына шамамен 100 доллар. Алайда 5 жыл бұрын отандастарымыздың дәріге кеткен шығыны 40 доллардан аспайтын. Жыл сайын шығын көлемі ұлғаюда. Фармацевтер бұл көрсеткішті аурудың көбейгендігінен емес, адамдардың өз денсаулығына көбірек көңіл бөле бастағанынан деп түсіндіреді. 

Пікірлер