Әбілқайыр ханның алғашқы портерті

Кешкісін, май шамның әлсіз жарығымен артта қалған тағы бір күннің оқиғаларын  жазып жатты. Әбілқайырдың қабылдауында болуы, қымыз, ұсақ туралған ет, әйелдер мен еуропалық би туралы ашық әңгіме, бұған өзге тіл де кедергі болмады. Кешкі астың басты сыйлығы – жақсы дайындалған импровизация – сәтті шықты. Кіші орда басшысының туыстары бейнелеу жұмыстары барысында пайда болған кескіндерден көз алмай отырды. Әбілқайыр ыңғайсызданып, жымиды. Өзін бір қалыпты ұстау үйреншікті болмаса керек. Алғаш рет суретшінің епті қолы шынайы өмірді тарихқа енгізді, өмірдің өзін пастельмен жазды. 

Пікірлер