Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы

Бір елдің экологиялық проблемалары сонымен көршілес өзге мемлекеттердің де бас ауруына айналады. Мысалға, ғалымдардың айтуынша, Қытайдағы ауаның ластануы бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Өйткені, ол тынық мұхитындағы дауылдардың жиілеуіне әсер етуде, салдарынан ғаламдық климаттық өзгерістер орын алуы ықтимал. Одан кейін ауыл шаруашылық саласы зардап шекпек. Егістік көлемі азайып, мал басы да кеміп, тіпті даладағы өрттер өрши түседі. Осы ретте әлемдегі экологиялық мәселелер қалай шешіледі, халықаралық ұйымдар ғаламшарды құтқаруда қандай рөл атқарады деген сауал туындайтыны заңдылық. 

Пікірлер