Әуе таксилері

Астана мен Алматыда «Әуе таксилері» пайда болды. Ерекше қызмет түрін «Astana Business Aviation» компаниясы ұсынып отыр. Бұл туралы компания директоры Қайсар Шыныбаев мәлімдеді. Тіқұшақпен ұшып өту құны 300 мың мен 800 мың теңге аралығында. Баға ұшу уақыты мен жолдың ұзақтығына және жолалушылардың санына қатысты өзгеріп отырады. Қызмет түрі пайда болған 2014 жылдың жаз мезгілінен бері әуе таксилері 10 рейс жасаған.

Пікірлер