Инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Жақын уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына жібереді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Аталған бағдарламаның да негізгі мақсаты орта кәсіпкерлікті қолдау. Министр  Жолдаудағы нақты жобалар және оларға қажетті көлемдегі қаражат көздері белгіленіп көрсетілгенін атап өтті.

Пікірлер