Шағын және орта бизнесті қолдау

 «Шағын және орта бизнес – жалпыға ортақ еңбек қоғамының экономикалық негізі болып табылады. Саланы дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін кешенді шаралар ауадай қажет. Шағын бизнес - атадан балаға берілетін отбасылық дәстүрге айналуы тиіс». Халыққа арнаған жолдауында Президент осылай деді. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен жеңілдетілген несие беру, тексеруге тыйым салу және салықты төмендету бойынша бірқатар мүмкіндіктер бар. Экономиканың бұл секторын нығайту мақсатында, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Бұл тұрғыда үкімет тағы қандай жаңалықтар енгізбекші? Басылым беттерін шолып көрейік.

Пікірлер