Қара қасқыр аумағы

Тауда қасқыр аулау, ең ауыр, сонымен қатар өте қызықты аңшылық десек болады. Аңшының қасқыр аулаудағы олжасын – «олжалы аңшылық» деп, мақтан тұтуға болады. Өйткені, оны аулау үшін, аңшының дене бітімі шыңдалып, бақылағыш, ал ең бастысы – шыдамды, төзімді және қайтпас қайсар болуы тиіс. Иә, қасқырдың өзі де – өте қу және ақылды жыртқыш. Сол себепті де, қасқырды жеңген сәт – есте мәңгі қалады.

Пікірлер