«Самұрық-Қазынаның» трансфармациясы

Қазақстан алдына үлкен міндет қойған ел. 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейді. Кешенді жоспарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру керектігі «2050 Стратегиясында» көрсетілген. Құжатқа сәйкес, Қазақстан ел экономикасына тартылатын инвестиция көлемі мен еңбек өнімділігін арттыруды басты мақсат етіп отыр. Мемлекет ішіндегі ірі активтерді иеленіп отырған, «Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялар тобы, стратегияда көрсетілген мақсат пен міндеттерді орындауда маңызды рөлге ие. Инвестицияны өсіру мен оның тиімділігін арттыру мақсатында қор мамандары арнайы бағдарлама жасаған. Құжат қордың және бақылаудағы портфельді компаниялардың қызметін өзгерту мақсатында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан газеттері не деп жазады? Мерзімді басылым беттеріне үңілсек.

Пікірлер