Жасыл экономика

2013 жылдың мамырында Мемлекет басшысының елімізді «жасыл экономикаға» көшіру туралы жарлығы қабылданды. Ал, үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Концепцияның негізгі мақсаты – экономиканың жаңа бағытына жол ашу арқылы, елдің әл-ауқатын арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Сондай-ақ, қоршаған ортаға залал келтірмей, табиғи ресурстарды сақтай отырып Қазақстанды әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына қосу. «2050 Стратегиясының» да көздегені осы. Еліміздің бұл бағыттағы іс-әрекеті басылым беттерінде ұдайы жарияланып жүр.

Пікірлер