Түркі тілдес елдердің парламентаралық ассамблеясы – ТҮРКПА

Ер тоқым мен жүген, болат темір мен киіз үй, семсер мен садақ, кітап басу, жасанды су арнасы, мал шаруашылығы, салық жүйесі, әскери тәсіл мен стратегия, дипломатия және ақша айналымы. Осы айтылғандардың бәрін көне түркілер ойлап тапқан. Сондықтан да қазіргі заманда да адамзат аталған игіліктерді қолданып келеді. Түріктердің тарихы 5 ғасырдағы қағанаттардың құрылуынан бастау алады. Араға жүз жыл салып, түркі әлемі өзінің жетістіктері арқылы Батыс пен Шығысты жалғастыратын алтын көпірге айналып үлгерді.

Пікірлер