Қатпарлы газ

Қазақстанда қатпарлы газ өндіру ісі қолға алынады. Бұл туралы жақында Астанада өткен Энергетикалық хартия конференциясының 25-ші сессиясында еліміздің премьер-министрі мәлімдеді. Үкімет басшысы айтқандай, Қазақстан энергоресурстарды экспорттау бойынша үздік он елдің қатарына кіреді. Соның ішінде табиғи газ өндірісі де ауыз толтырып айтарлықтай. «Енді біз қатпарлы газ өндіру мақсатында жер қойнауын зерттеуді қолға аламыз» - деді Қазақстан үкіметінің басшысы. «Қатпарлы газ» тақырыбына жазылған бірнеше мақала отандық негізгі басылымдардың бетінде жарық көрді.

Пікірлер