Музыкант Махмут Рақымжан

Күй құлақтанып туған талант ұлттық музыкалық аспаптың бәріне жетік. Домбыра – алпыс екі тамырында тулайды. Шертер мен қобыз кенен көкірегін кернеген. Дауылпаз, даңғара – жас жігіттің күй кеудесіне сыймай, тереңнен рух шақырады. Саз сырнай мен шаңқобыз музыкант жанының нәзік қылын шертетіндей. Махмут жеті аспаптың үніне қанық. Сол үннің бәрін қосып, жалғыз өзі бір оркестр болып ойнайды.

Пікірлер