Enactus бағдарламасы

Жастардың қатысуымен өтетін көптеген іс-шаралар «өзіңді өзгерту арқылы, әлемді өзгерт»,-деген ұранға саяды. Барлық, дерлік, мемлекеттер даму бағдарламаларында  жастарға ден қояды. Олардың әлеуметтік белсенділігіне қолдау көрсетіп, білім беру жүйесінде жеңілдіктер қарастырады. Жоғарғы оқу орындары мен спорттық секциялар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар дарынды жастарды әртүрлі шараларға қатысуға шақырады. Әлемдік деңгейдегі чемпионаттар мен олимпиадаларда өз елінің туын желбірету кез келген қатысушы үшін үлкен абырой.

Пікірлер