Күннің нышаны

Төменде түбі терең өзеннен су ағып жатты, көк аспан оны өзіне баурап тұратын, ол тау басына шыққанда, мәңгілік күн оның мүйізіне оралып қалғандай болады. Арқар жаунуарлар әлемінің мықты өкілі, көшбасшы ретінде аң нақышының барлық жүйесіне енеді. Бойында күш қуаты мол бұл жануар алысқа серпіле алады, әрине ол аң патшаларының бірі. 

Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейін осынау күн нышаны кең таралған. Көне Мысырдың құдайы Ра қойдың бейнесінде пайда болған, үндінің Индрасы да, көне гректің Зевсі де көбінесе мүйізі бар қошқардың бейнесінде суреттелген. Сондай-ақ, скандинавиялық жайатқыш Тор текелер жегілген арбаға отырған.  Қазақтар үшін де қой қасиетті мал. Жердегі тірліктің белгісі және адал мал саналған. Сондықтан  құрметті қонағына бас тарту көнеден келе жатқан дәстүр. Дегенмен, басты кез келген адам ала алмаған. 

Пікірлер