Нидерландының әйгілі суретшісі Николь Карстенстің картиналары

Заманауи шығармашылық жандар еркінддікке бой алдырып, бүгінде жұртшылықты өнердің жаңа қырларымен таныстырып келеді. Жаңашылдықтың тек сәні ғана емес, мәні де басқаша. Айтар ойы да жан-жақты. Нидерландының әйгілі суретшісі Николь Карстенстің аз ғана жарқын ғұмыры соңғы онжылдықта көпшілікке көп ой түйдірді. Халықаралық «Шығыс пен Батыстың арасындағы көпірді құру» жобасының ұйымдастырушылары мен «Nicole Art Sense» қорының өкілдерінің бірлескен еңбектерінің арқасында қазақстандықтар да шебердің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндік алды.



×